Атырауда бас қаланың атауы өзгеруіне орай мерекелік концерт өтуде

IMG 20190325 WA0017 Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2019 жыл. Нұрлыбек Ожаев Қазақ елінің тарихи сәтке куә болып отырғандығын айтты.

IMG 20190325 WA0007

Нұр Отан партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың пікірінше, ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елордамыздың атауы Нұр – Сұлтан деп өзгертілуі – бірлік, ынтымақ, тұрақтылық позицияларын нық ұстанған, Ұлы дала құдіретін әлемнің тұғырына көтерген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына деген ақжүрек халқымыздың құрметі. «Егемендік жылдары ел үшін ерекше жаңалықтарға толы болды. Тәуелсіз еліміздің жетістіктері төрт күл дүниені дүбірлетті. Мұның барлығы Қазақ елінің Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі. Дана басшысының дара жолын жас ұрпақ жалғастыруы тиіс» деді ол.

IMG 20190325 WA0009

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде мерекелік концерт өтуде. Бас қаламыздың атауының өзгеру құрметіне өтіп жатқан салтанатты концертті Нұр Отан партиясы Атырау облыстық филиалы өткізуде.

IMG 20190325 WA0012
IMG 20190325 WA0014
IMG 20190325 WA0038

Амандық Абдолов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз