Өзгеше өткен ҰБТ

whatsapp image 2020 06 21 at 17.24.32 Білім

Atr.kz / 14 шілде, 2020 жыл. Биыл өңірімізде 3102 талапкер ҰБТ тапсырды. Оның 816-сы – мектептер мен колледждердің өткен жылғы және биылғы түлектері. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды.

– 236 талапкер ҰБТ тапсыруға келмеді. Ұялы телефон мен
әдістемелік әдебиет, көмекші құралдарды алып келгені үшін 19
адам тестілеуге кіргізілген жоқ. Ал, 4 адам пайдалануға тыйым
салынған материалдарды қолданғаны үшін аудиториядан
шығарылды, – деді Ұлттық тестілеу орталығы Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қабылдау
комиссиясының жауапты хатшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Оның айтуынша, ҰБТ облыста жақсы деңгейде аяқталды.
Қазіргі елдегі ахуалға байланысты ата-аналарға балаларын
үйлерінен бақылап отыруға мүмкіндіктер жасалды. Жауапты
хатшы тест тапсыру барысында ЖРВИ белгілері мен дене қызуы
көтерілген талапкерлер тіркелмегенін айтты.

Ерекше форматта өткізілген ҰБТ-ның тағы бір өзгешелігі бар.
Мәселен, бұрын барлық оқушы жоғары оқу орнына құжаттарын
аяқтай барып тапсыратын еді. Ал, қазір сертификат электрондық
түрінде берілетіндіктен, онлайн арқылы құжат тапсырушының
аты-жөні, ЖСН нөмірін терумен автоматты түрде жүзеге
асырылатын болды. Сонымен қатар, магистратураға да құжат
онлайн форматта қабылданады.

– Биыл магистратураға құжат тапсыруға байланысты
өзгерістер енгізілді. Осыған дейін кез келген маман өзі
қалаған мамандыққа түсіп, тек айырма пәндерді оқып, оқуын
жалғастыра беретін. Ал, енді қазіргі уақытта сәйкестік бойынша,
яғни, онлайн құжат тапсырған кезде қандай мамандыққа
оқуға түсуге болатындығы жөнінде ақпарат автоматты түрде
көрсетіліп тұрады. Құжат қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады,-деді Айнагүл Дүйсекенова.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз