Кедергісіз келешек

101691347 1939032532897831 8176869801684107264 o Жаңалықтар

Atr.kz/21 тамыз, 2020 жыл. Туабітті, болмаса басқа да орын алған қиын жағдайдан кейін адамның өздігінен жүріп-тұру, тамақтану, сөйлеу, көру мүмкіндіктері шектеледі. Мұндай жандарды Үкімет ар-найы мүгедектік топқа жатқызып, тиісті жәрдемақысын да тағайындайды. Екінші және үшінші топтағылар ептеп-септеп өздеріне өздері қарап жүрсе, бірінші топтағыларға арнайы күтуші керек. Өйткені, олар өздіктерінен жүріп-тұра алмайды…

«Жазмыштан озмыш жоқ»

Түсінікті тілде айтқанда, адам баласы маңдайына жазылған тағдырдан ешқайда қашып құтыла алмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, жер шарын-да 1 млрд-қа жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл – бүкіл əлемдегі халықтың 15%-ы. Ал, олардың 110-190 млн-ның функционалды шектеулігі аса күрделі көрінеді.

Өмір сүру жағдайы өте қиын сондай жанның бірі, бүгінде аты мен ісі əлемге əйгілі – Ник Вуйчич. Ник өмірге тетраамелия син-дромымен аяқ-қолсыз келген. Ата-ана, бауырларының, жанына жақын адамдарының қолдау-көмегімен өзіне де, өзгелерге де осынау өмірдің таңғажайып екенін түсіндірумен, дəлелдеумен келеді. Ол – танымал мотиватор, оратор, ме-ценат, жазушы, бір фильм мен алты кітаптың авторы. Бəрінен бұрын, Ник – төрт баланың əкесі!

Біздің елімізде 697,6 мың мүгедек болса, олардың əрқайсысының осынша тағдыры бар. Дегенмен, мемлекетіміз оларды қолдауға арналған шығындарды – 10%-ға, техникалық оңалту құралдарымен жəне арнаулы əлеуметтік қызметкермен қамтамасыз етуді қаржыландыруды 17%-ға өсірген. Ал, қазіргі күнге облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі адам саны – 23 264. Оның ішінде бірінші топтағылары – 1 895, екінші топ – 9 629, үшінші топтағылары – 8 404, балалар – 3 336.

Тағдырды тәрк еткен оқиға

Бүкіл жер шарын шарпыған індет Қазақстанды, туған Атырауымызды ай-налып өтпеді. Наурыз айынан басталған карантин, адамдардың жаппай ауруы, дəрі-дəрмек тапшылығы – осының бəрі жиналып келіп, өзі дімкəс кісілердің көңілдерін пəс етті. Осындай қиын сəтте мемлекет оларға қолдау көрсетті. Бір-бірін танымайтын көпшілік те жұдырықтай жұмылып, қолда бары-мен көмектесті. Бірі – қаражатпен, екіншісі – шұбат-қымызымен, үшіншісі дəрі-дəрмегімен қарасты.

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз, сұхбаттасушымыз Гүлназ Қосмұрзиева да сол қиындықтың бел ортасында жүріп, өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандардың бір жыртығын жамауға атсалысты. Мұны біз редакцияға əлсін-əлсін телефон шалған оқырман қауымнан естіп-білдік. Олар өздерінің ақжарма алғыстарын қазақтың осы бір батыр қызына жеткізуімізді өтінді.

…Мектеп-лицейді жақсы аяқтаған ол сол кездегі Атырау мұнай жəне газ институтына оқуға түсіп, «химик-технолог» дипломын алып шығады. Белді компанияға қызметке тұрады. Пəленің қайдан келеді дерің бар, аяқ астынан Гүлназ отырған так-си жол-көлік оқиғасына ұшырайды. Ауыр жарақат алып, жұлынына зақым келеді. Қанша ем-дом қабылдағанымен жас қыз аяғынан басып, жүре алмай-ды. Өзі бар болғаны 24 жаста! Не істейді енді?..

Адам жақсылыққа тез үйренсе, жамандыққа да біртіндеп бейімделе бастайды екен. Жаны сірі Гүлназдың мүгедектер арбасына амал-сыз таңылғанына да 14 жыл болыпты. Бірақ, ерік-жігері мықты қыз өзін-өзі қайрап, жанып, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін түрлі мəдени-көпшілік шаралардың белсенді де белді мүшесі атанады. Өзі секілді қыз-жігіттер арасында өткізілетін «Танцы на колясках» би байқауында бірінші орынды иемденеді. Астана, Алматы, Америка Құрама Штатына сапарлайды.

  • – Менің бір байқағаным – шетелдерде қоғаммүгедек жандарды мүсіркемейді, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қарайды. Оларға барлық жағдайды жасайды. Ал, бізде арбамен жүретін мүгедектер қатынайтын қарапайым пандустар жоқ. Болғанының өзі тік, əрі ыңғайсыз. Мен осы мəселені талай рет көтеріп келемін. Өкінішке қарай, əлі мəн бермеушілер көп… – дейді Гүлназ Мақсотқызы.

«Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас»

Мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілдері қаяу. Олардың дені саулығының кемдігінен жұмыс істеуге қабілетсіз. Оған қоса көбінің бала-шағалары бар. Елдегі карантин мен жаппай ауру-сырқаудың тұсында оларға тіпті ауыр тиді. Осындай сəтте Гүлназ облыстық Азаматтық орталықтың дирек-торы, облыстық волонтерлар штабының жетекшісі Əйгерім Жəрдемқызымен бірлесіп, еріктілердің көмек-қолдауына сүйеніп, əлеуметтік осал топқа жататын екі мыңның үстіндегі адамды тағаммен, дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етеді. Қат дəрілерді көрші Астраханнан тасытады. Оны үйді-үйлерге таратады.

Сонымен бірге, медицина қызметкерлеріне тағам апарып, жалғызілікті зейнеткерлерді де өз қамқорлықтарына алады. Кезекті бір үйге бас сұққандарында жалғыз өзі тұратын кейуананың жанарына жас алып: «Сіздер менің адамдарға деген сенімімді қайтардыңдар!» – дегені-ай!..

  • – Бізге телефон шалып, не сұраса – соны тауып беруге барымызды салдық, – дейді өзі де ерікті болып жүрген Гүлназ. – Бір кісіге мүгедектер арба-сымен, екіншіге қаражатпен, үшінші адамға керек заттармен қарастық. Мұқтаж жанның біразының «Kaspi GOLD» карточкаларына қажеттіліктерін өтеу үшін ақша аударып отырдық. «Көппен көрген ұлы той» демекші, елдегі үлкен жүректі адамдарға рахмет!
  • Қаламыздың əкімі Қайрат Оразбаев біздермен кездесу ұйымдастырып, жағдайымызбен тереңірек танысты. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қинап жүрген мəселеге көмектескісі келді. Сондай-ақ, біз Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Биғамбаевқа да алғыс айтамыз. Қиын сəтте бұл азамат та көмек қолын созды.

«Біз де – адамбыз!»

Иə, адамның бəрі бірдей емес. Олар да бес саусақ сияқты түрлі. Сан алуан қажеттілікпен банк бөлімшелеріне, емханаларға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына барғанда, мүгедектер арбасындағы мүмкіндігі шектеулі жандар кедергілерге кезігеді. Ол тек пандустың жоқтығы ғана емес, адамгершіліктің аздығы. Айталық, сұқтана қарау, «мə, саған!» деп, бес-он теңге ұстатып кету… Осының бəрі өзі дімкəс, өзі шамшыл жүрекке қалайша ауыр тимесін?!

  • – Ойлана келе мен «Біз де – адам-быз!» деген қоғамдық қор құрдым, – дейді Гүлназ. – Əрине, біз ешкімге міндетсінбейміз. Біздің осындай болып қалғанымыз тағдырдың ісі. Айналадағы адамдар бізге аяушылық көзқараспен емес, адами көзқараспен қараса, қандай ғанибет.
  • Бір сөзбен, мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамның толыққанды мүшесіндей еш кедергісіз өмір сүрсе екен деймін. Ол үшін қалада мəдени-демалыс орны ашылса, онда түрлі үйірмелер (компьютерлік сауаттылық, ағаштан түйін түйетіндер шеберханасы, тігін, тоқыма, сурет өнері, т.б.) жұмыс жасаса, тамаша емес пе?! Осындай орталық ашылып жатса, төрт қабырғаға телміріп, уақытын өткізе алмай отырған жалғызілікті қарттар да барушы еді…

«Рухың мен жаныңды таза ұста. Себебі, бұлар сенің тәніңнен де сұлу қасиетке лайықты». Жаны да, зі де таза адамдар ғана бар тірлігін қайырымдылыққа арнай алады. Гүлназдай батыр қыздарымыз аман болсын!

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз