Жарнама
Жаңалықтар

Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады

Республика Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейтіп, қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру аясында жұмыс жүргізеді.

Аталған министрлік өкілдерінің хабарлауынша, 1 мамырдан бастап қазақстандық «QazaqAir» әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлады.

–Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде, — делінген министрлік таратқан ресми мәліметте.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button