6153e60f9a052a283875b313a295cebf

Коронавирусты аспиринмен емдемейді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Желі қолданушылары бір-біріне неміс ғалымдары ашқан керемет жаңалық туралы ақпаратты белсенді таратуда. Хабарламада COVID-19, шын мәнінде, тромбоз және оны қарапайым аспиринмен емдеуге болады делінген. Бірақ бұл олай емес.

1

«Германия COVID-19 жеңуде, бұл «Кеңінен тараған тамырішілік коагуляция» (тромбоз) Онымен күресудің жолы, яғни оның емі – «антибиотиктер, қабынуға қарсы препараттар және антикоагулянттар» Бірінші кезекте – АСПИРИН», – делінген хабарламаның абзацтарының бірінде (тыныс белгілері мен емлесі сақталған).

Сәуір айында осыған ұқсас ақпарат Интернетте тараған болатын. Бірақ ол кезде ғылыми жаңалықтың авторы италиялық дәрігерлер болған еді.

Бұған италиялық зерттеушілер тобы ашқан жаңалық түрткі болған шығар. Олар коронавирустың кіші артериялық тамырларда тромбоз тудыруы мүмкін екенін анықтады. Алайда, есепте бұл аурудың көптеген белгілерінің бірі ғана және бастысы емес, өйткені Sars-coV-2 вирусы ең алдымен өкпеге әсер етеді деп жазылған.

Бұған қарамастан үстіміздегі жылы 1 наурыз – 4 сәуір аралығында Италияда соңғы бес жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 20 мыңға артық адам қайтыс болған.

Қазір Италия елдерде COVID-19 індетінің таралу рейтингінде 19-шы орында.

Сондықтан жалған ақпарат таратушылар мәтінді өзгертіп, италиялық мамандардың орнына германиялық дәрігерлер деп жазған болар.

Десе де, Германияда да, Италияда да, басқа елдерде де КВИ-ді аспиринмен емдемейді.

Аспирин – бұл коагулянт, яғни тромбтардың пайда болуына жол бермейтін дәрі. Ол вирустарға әсер ете алмайды.

Бірақ бұл препарат вирустың өзін жеңу үшін емес, тромбоз қаупі болған жағдайда ғана COVID-19 жұқтырған кейбір науқастарға тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, көптеген елдердің КВИ емдеу хаттамалары ұқсас, өйткені олар ДДСҰ зерттеулеріне сүйене отырып жасалған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған