ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономикаҚоғам

Атырауда жаңа ықшамаудан бой көтермек

Atr.kz/3 шілде, 2019 жыл. Атырау қаласының әкімі «Спутник» ықшамауданындағы құрылыс барысымен танысты.

Жаңа ықшам ауданы Талғайран ауылының маңында салынуда, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы.
Әлимұхаммед Құттымұратұлы»Спутник» жаңа ықшам ауданының құрылысы орнында жиын өткізді. Кең ауқымды құрылыс Талғайран ауылының маңында орналасқан.

— Жалпы көлемі 62 гектар болатын 24 бес қабатты 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы ауданы 56 мың шаршы метрден астам 1080 пәтер есептелген,- дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Жәлелов.

WhatsApp Image 2019 07 03 at 09.40.27 1
WhatsApp Image 2019 07 03 at 09.40.31 1

Жаңа тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Құрылысты 2019 жылдың желтоқсан айында бітіру жоспарланып отыр. Тапсырыс беруші «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ болды, ал құрылыс-монтаж жұмыстарын жеті мердігер ұйым жүзеге асыруда.

Әлмұхаммед Құттымұратұлы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, мердігер ұйымдардың өкілдерімен әңгімелесіп, тиісті тапсырмалар берді.

WhatsApp Image 2019 07 03 at 09.40.29
WhatsApp Image 2019 07 03 at 09.40.32

— Жаңа ықшам аудан облыс орталығының маңында салынып жатырған қаланың жалғасы ретінде және Атыраудағы көрікті ықшам аудандарының бірегейі болады. Сондықтан мұндағы үйлер сапалы, сенімді және тұрғындарға жайлы болуы тиіс. Әрбір Подьездердің алдында пандустар салынуы қажет, аулаларда міндетті түрде балалар алаңдары, машиналарға арналған тұрақ, әрбір аулада жарықтандыру жүйесі толық орнатылуы керек. Жұмыстар белгіленген мерзімге дейін бітуі тиіс, — деп қала әкімі тапсырма берді.

Айта кетейік, қазіргі таңда жалпы ауданы 350 мың шаршы метрден астам 5076 пәтерлік 46 тоғыз қабатты тұрғын үй салу бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде. Тұрғын үйлер «Спутник» жаңа шағын ауданында салынатын болады.

WhatsApp Image 2019 07 03 at 09.40.32 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button