Өзбекстан азаматтарының құжаттарын тартып алған атыраулық полицей түрмеге қамалды

7d29f6eff31008c89012e09d661c75ec Жаңалықтар

Ол Өзбекстан азаматтарының паспорттарын заңсыз тартып алып, оларды қайтару үшін төлем талап еткен. Енді сот шешімімен ол 5 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

«Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Атырау облысы бойынша Полиция департаменті қылмыстық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Р.Зұлқашев сотталды. Ол өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан және полиция капитаны атағынан айырылды. Жазасын 5 жыл бойы түрмеде өтейді» деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз