Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeҚоғам

Өз жеріндегі «ӨГЕЙЛЕР»

Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл. Азғыр өңірі. Атырау қаласынан 600 шақырым қашықтағы құм өресі бағзыдан осылай аталады. Шалғай аймақты қоныс қылғандар саны қағазда басқаша болғанымен, күнделікті сол аймақтың ауасымен тыныстап, суын ішіп отырғандар анағұрлым аз. Бұл жерден арман қуып аттанатындар да баршылық, бірақ жастардың көпшілігі қалаға күнкөріс қамымен кетеді.

Өкініштісі, олардың атакүлдікке қайта оралғысы келмейді. Себеп – жұмыс жоқ, жер шалғай. Расында да, ұшқан құс пен жүгірген аңнан басқа тіршілік иесі кездеспейтін құлазыған даламен 300 шақырым жол жүріп, аудан орталығына қатынайтын азғырлықтар үшін асфальт жол тек арман ғана. Тіпті, басы ауырып, балты-ры сыздаса да қыр астындағы Қарабайлыға барып емде-луге мәжбүр. Бірақ, ол көрші елдің жері. Айы-күні жетіп отырған аналар да сол жақтағы ауруханада босанып, бөбегіне Ресей елінің туу туралы куәлігін алып қайтады.

Ұмыт қалған ауыл

Жылдар бойы қордаланған осы мәселенің күрмеуі шешілер емес. Балқұдық ауылында тұратын Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, аудандық мәслихаттың депутаты Мансұр Қуанышәлиев Ресей Федерациясында босануды жөн көретін азғырлық аналардың осы проблемасын талай мәрте мінберлерде айтып, көтеріп-ақ келеді. Біз зейнеткер ұстазға арнайы хабарластық.

– Бұл проблеманы біраз жылдан бері айтып келемін. Тіпті, былтыр ауылдағы бала туу жасындағы әйелдердің санын нақты есептеп шығардым, — дейді жергілікті депутат.

Ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен етене таныс азаматтың айтары да аз емес. Арғы тарихтан бастап, бүгінгі бейнесін де қолмен қойғандай суреттеп берді.

— Бір кездері Азғыр өңірінде мыңғырған мал, дүрілдеген шаруашылықтар, асыл тұқымды қой өсірген екі бірдей кеңшар болған. Қазір қағаз жүзінде мыңдаған адам тіркелгенмен, шындығында Азғыр бойын жайлаған жұрттың саны әлдеқайда азайған. Негізінен, ауылдағы мектеп, аурухана, шекара заставасы сынды нысандарда қызмет ететіндер мен егде жастағылар. Жастар жұмыс іздеп, қалаға кетіп жатыр. Алдындағы азын-аулақ малына алаң болған тұрғындар ғана ата қоныстан ажырап кете алмай жүр. Жоққа шығаруға болмас, ауылға көгілдір отын, интернет секілді заманауи қажеттіліктер келгенімен, сіз атаған проблемалар да жоқ емес.

М.Қуанышəлиевтің айтуынша, ауыл ауруханасына мыңжылдықтың бас кезінде ғана толық жөндеу жа-салыпты. Одан кейінгісі тек жамап-жасқау ғана. Азғыр селолық округіне қарасты 3 ауылдың тұрғындары осы ескі ғимараттан ем алуға мəжбүр. Қай жылы екені беймəлім, республика Денсаулық сақтау министрлігі «оңтайландыру» де-ген желеумен арнайы бұйрық шығарып, халық саны 5000 адамға жетпейтін елді мекендердегі учаскелік ауруханалар жа-былды, бала босану жасындағы аналар саны 3000-нан кем болса, акушер-гине-колог штатын қысқартыпты.

Яғни, бұған дейін Азғыр селолық округінде жұмыс жасап тұрған 25 орындық аурухана жабылған. Содан бері ауылдағы жүкті əйелдер үшін 300 шақырым қашықтағы аудандық ауруханаға немесе Атырау қаласындағы перинаталдық орталыққа барып босануға қатысты проблема туын-дады. Декреттік демалысқа шыққаннан соң, жоспарлы тексеруге келген жүкті аналарды жергілікті дəрігерлер жол-дама арқылы аудандық ауруханаға жібере бастады.

«Жататын жерім жоқ, балаларым кішкентай» деп сылтау айтқан кейбір аналарды Құрманғазы ауылындағы аудандық ауруханаға жіберу үшін дəрігерлер ауыл əкімін, тіпті, учаскелік полицейді де араластырып отыруға мəжбүр кездері де бар.

– Патологиялық сырқаты бар-жоғына, жалпы ананың денсаулық жағдайына байланысты қай ауруханаға жатқызатынын білген жас аналар өзгенің үйін айлап па-налай алмасын біліп, əрі ауылдағы ата-ене, бала-шағасына алаңкөңіл болып, бірер күннен соң ауылға қашып келіп те жүрді. Тіпті, біраз жыл бұрын жол үстінде ана саулығына қауіп төніп, денсаулығына зақым келген жағдайлар да болғаны жа-сырын емес, — деген мəслихат депутаты медициналық ахуалдың бұдан да өзге қиындықтарын атап өтті.

Аудан орталығынан алыс, жолы жай-сыз аймақтағы жүрегі дімкəс адамдарға пандемия кезінде арнайы санитарлық авиация көмекке келіпті. Бұрын мұндай қолдауды көрмеген азғырлықтар бұған да мəз. Ресейдің Астрахан облысындағы Ахтубинск əуе қорғанысы жəне Капустин яр зымыран ұшыратын полигондарымен шектесетіндіктен, өңірдің əуе кеңістігін арнайы шарт аясында Ресей əуе қорғанысы күштері бақылайды. Сол себепті Азғырға санитарлық авиация шақырудың əлегі көп. Əуелі алдын-ала рұқсат алу, санитарлық ұшақтың келу уақытын нақты бекіту, басқа да біраз түйткілдер туындайды. Түйіннің шешілмеуіне бұл да себепкер болуы əбден мүмкін.

Шекарадан өтудің тәртібі

Мəселеге қанық болған соң, негізгі сауалға көштік. Азғырлық аналардың балаларына Ресей Федерациясының туу туралы куəлігін алуына не себеп? Бұл сұраққа Мансұр Қуанышəлиев:

– Аудандық ауруханаға барудан бас тартқан кейбір аналар: «Өз денсаулығыма өзім жауаптымын» деген мазмұнда қолхат беріп, айы-күні жетуін өз үйінде, отбасының ортасында күтеді. Ал, бо-санар сəт келгенде ауыл іргесіндегі «Балқұдық-Қарабайлы» жеңілдетілген өткізу пункті арқылы Қарабайлыдағы ауруханаға барады. Бұл жердегі кез кел-ген медициналық қызмет түрі ақылы. Жағдайы жеткендер төлейді, қабілеті тартпаса Қарабайлыдағы тамыр-таныстары кепіл болып, арнайы құжат толтырады. Ауруханадан шыққанша, əлгі қаражатты ауылдағы ағайындары асарлатып жинап берген жағдайлар да болған. Дүниеге келген шақалаққа Ресейдің құзырлы мекемесі құжат жасақтап, анасының қолына ұстатады, — деп жау-ап берді.

Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Қарабайлыға бару үшін арадағы жеңілдетілген өткізу пунктінен қазір ешкім де өте алмайды. Себеп – карантин. Əйтпесе, одан өтудің де өзіндік тəртібі бар. Таңертеңгі сағат сегіз бен кешкі тоғыздың аралығында кез келген адам жекеменшік көлігімен өте алады. Тек коммерциялық мақсатта болмауы тиіс. Ал, мемлекеттік нөмірі бар жəне жүк көліктеріне тый-ым салынған. Мұны естіген біз депутат-тан айы-күні жетіп, Ресейге бару тура-лы шешім қабылдаған аналардың қалай қатынағаны туралы сұрадық.

– Ауылда жалғыз-ақ жедел жəрдем көлігі бар. Науқастарды таситын да, ауылдық аурухана дəрігерін орталыққа апаратын да, дəрі-дəрмек, қажетті медициналық құралдарды таситын да осы көлік. Оның үстіне өткізу пунктінен мемлекеттік нөмірлі көлікті жібермейтін болған соң, «скорыймен» шекараны кесу үшін «өткізу пункті-Қарабайлы-Астрахан-Атырау-Азғыр округі» тізбегіне сай бəрінен рұқсат алуы қажет. Бір жағынан, жалғыз көліктің босамайтыны əрі тұрғындар үшін тиімсіз болуы себепті ауыл адамдары жеке көлікпен баруды жөн санайды, — деді ол.

«Əр сəтің қымбат қысылтаяң шақта 56 шақырым жердегі Қарабайлыға ба-ратын таксидің құны да арзан болмас?» деген оймен жүріп-тұратын көліктің бəсін сұрағанбыз. Сөйтсек, Балқұдықта қай бағытқа болса да, арнайы уақытпен жүретін немесе бəсі бекітілген тасы-мал түрі жоқ екен. Жолсызбен жүруге кез келгеннің тəуекелі жетпей, тек жол талғамайтын «Нива», «Уаз» секілді көлік иелері ғана ауылдастарын апарып тастауға ниет танытатын көрінеді. Əрине, тегін емес. Бірақ Балқұдықта жол жүрудің де өзіндік «шарты» бар. Егер бір кісі Құрманғазыға барғысы келсе, құдды желілік бизнестегі секілді қасына 3 адам тауып келуі тиіс. Ұзақ жолға шығуға мəжбүр болғандар 5 мың теңгесін дайындап, баратын уақытын күні бұрын жо-спарлап, ауылдастар арасынан сапарлас іздейді екен.

Сөз соңында аталған проблемаларды шешу жолдарын ұсынған депутат:

– Үш округке ортақ Балқұдықтан перзентхана үйін қайтадан ашып, ма-ман бөлген жөн. Жəне бір ұсынысым – міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Ресей билігі келіссөз жүргізіп, медициналық қор есебінен науқастардың шығынын өтеу жолдарын қарастыру керек. Бұл пікірім негізсіз де емес, бір кездері осы өңірде мұндай бастама жүргізіліп, сəтті іске асқанына ел куə, — деді М.Қуанышəлиев

«Туған жері – Ресей»

Айтылған жайттың ақиқатын білмек оймен Азғыр ауылдық округінің əкімі Жасұлан Жаманқұловтың телефон нөмірін тердік. Аталған аймақтың тыныс-тіршілігімен етене таныс əкімнің осы өңірде қызмет атқарғанына біраз жылдың жүзі ауыпты.

– Азғыр ауылдық округінің орталығы – Балқұдық селосы. Құрамына Азғыр, Қоңыртерек елді мекендері кіреді. Аудан орталығынан 280 шақырым жердегі Балқұдықта 10 төсектік аурухана, ше-кара заставасы, мектеп, əкімдік, пошта, полиция бөлімшесі бар. Ауылда 2552 адам бар, бірақ есепте бізде болғанымен қалада жұмыс жасайтын, тіпті сон-да тұратындар да бар. Халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Ресеймен арадағы шекара наурыз айынан бері жабық. Босанатын аналар ауданға жіберіліп отыр, — деп жалпы мəлімет берген əкім біздің сауалдарымызға толығырақ жауап беру үшін тұтқаны бас маман Арон Ғұмаровқа жолдады.

Оның айтуынша, жас сəбиге берілген ресейлік куəліктің оның келешегіне еш зардабы тимейтін көрінеді.

– Куəлік алған жерден «Форма 4» деп аталатын құжат сұратамыз. Ол жер-де баланың туу туралы мəліметтері көрсетіледі. Тіпті, анасы бір жасқа дейін бала күтіміне байланысты жəне бір жолғы тағайындалатын ақшаны да ала алады. Ауылға келген соң, жас босанған ана-мен келісіп, өзі бара алса немесе аудан орталығында туыстары бар болса, сол адамға сенімхат беру арқылы сəбиіне ЖСН алады, — дейді А.Ғұмаров.

Азғыр аумағында тұратын 4 ана былтыр Қарабайлыда босанып, бөбегіне түсі де, тілі де өзге метірке алып беру-ге мəжбүр болыпты. «Аталған құжатты алмаудың жолдары бар ма? Əлде міндетті түрде алынуы тиіс деген заңдылық бар ма?» деген сауалымызға ауылдық округтің бас маманы:

– Ресей куəлігінен бас тартуға да болады. Ол үшін ауруханадан тек дəрігерлік анықтама алып, Қазақстанға келген соң, сол құжаттың негізінде өз үлгіміздегі туу туралы куəлікті алуы-на болады. Бірақ ол үшін бір кедергі бар. Егер перзентханадан бір ғана анықтамамен шықса, ана мен бала «Балқұдық-Қарабайлы» жеңілдетілген өткізу пунктінен емес, «Котяев-Астрахан» шекаралық бекетінен өтуі шарт. Ал, ол жақпен айналып келу аудан орталығына барғаннан да ұзақ, арақашықтық тіптен алшақтап кетеді. Сондықтан, ауыл тұрғындары жақын маңдағы пункттен өтіп, сол жерден медициналық көмек алу-ды қалап отыр. Бұл жерде ең бастысы – жаңа туған сəбидің ұлты өзгермейді. Тек «туған жері – Ресей Федерациясы» деп жазылады, — деді заңды жолын егжей-тегжейлі түсіндіріп.

Ауруханадағы ахуал

Жергілікті əкімдік өкілдерімен сөйлескен соң, шалғайдағы ауылды он-лайн зерттеуіміз ауылдағы аурухананың бас дəрігерімен əңгімелесуге ұласты. Сара Зұлфыхарқызының бұл қызметке кіріскеніне бір жылдан астам уақыт өтіпті.

– Наурыз айынан бері жүктіліктің 36-ншы аптасында республика денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нұсқаулыққа сəйкес, аналарды аудандық орталық емхананың гинеколог дəрігеріне жібереміз. Ол əрі қарай дəрігерлік көрсетілімдер бой-ынша топқа бөліп, облыстық орталыққа немесе аудандық ауруханаға жолдайды. Карантиндік шектеулерге байланысты шекара жабылғаннан бері тəртіп солай, — деді бас дəрігер.

10 кереуеттік ауыл ауруханасында созылмалы дерті бар жəне жоспарлы қаралатын науқастар ем алады екен. Ресми есеп бойынша ауыл тұрғындарының саны екі мың жарым, шын мəнінде екі мыңға да жетпейді, көбі – қалада. Азғыр селолық округі бойынша бала босану жасындағы 325 ана бар, қазір оның 20-сы жүкті. Былтыр осы ауылда 21 сəби дүниеге кел-ген. Оның 4-еуі – Қарабайлы аурухана-сынан босанған, биылғы наурызға дейін тағы 2 ана перзентін ресейлік аурухана-да дүниеге əкелген. Босанған 15 əйелдің 3-еуі – аудан орталығында, қалғандары – Атырау қаласында босаныпты. Бізге бас дəрігер берген мəлімет осындай.

Қазір ауруханада 31 қызметкердің 14-і – медициналық санат мамандары. Ал, жедел жəрдем көлігінің «жыр» бо-луы да себепсіз емес. 2016 жылдан бері тоқтаусыз пайдаланылып келе жатқан көлік даланың еркін жолымен жиі жүрген соң тез тозатыны хақ. Бұдан жиырма шақты жыл бұрын ауруханада қос көлік бар еді. Қазір олар жүруге жарамсыз.Тек биылдың өзінде Азғыр ауылдық округіне 6 мəрте санитарлық авиация шақырылыпты. Негізгі шақыртулар – инфаркт миокарды жəне миға қан құйылуына байланысты. Жүкті əйелдердің саулығына байланысты шақыртулар болмаған.

– Аудандық аурухана біздің өңірден барған жүкті аналардың түсетін үйі бол-маса, түсіністік танытып, аурухана ішіне орналастыруға да жағдай жасап отыр. Қазір ауылдағы аналармен ауруханаға бару жөнінде сөйлесіп, əңгіме ушыққан жағдайда мəселеге əкім мен учаскелік полиция қызметкері араласатын кездер де болып тұрады.

Ал, ауданға жолда-натын өзге науқастардың сараптама қорытындылары уақытылы жасалып, мерзімі өтіп кетпеуі үшін талдама тапсы-ратын күнді алдын ала анықтаймыз. Егер Атырау қаласына жолдама берілсе «Даму» медициналық порталына, аудандық деңгейде болса, «Қазмед» базасына сала-мыз. Яғни, порталға салуда проблема жоқ, — дейді Сара Зұлфыхарқызы. Азғырға көгілдір отынның жеткені жөніндегі ақпаратқа қанық болғанымызбен, барып көруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан, аурухана ғимаратына газ желісін тартудың қаншалықты шешімін тапқанын сұрағанбыз.

– Интернет, ұялы байланыс желісі бар. Ғимарат ескі, типтік үлгіде салынбағандықтан, санитарлық торап жоқ. Жалпы газ келіп тұр, бірақ ғимараттың ішкі жұмыстары əлі біткен жоқ. Жуырда қосылады деп отырмыз, əзірге дизель оты-нын жағып жүрміз, — деді дəрігер.Бас дəрігер атап көрсеткен тағы бір проблема – маманның баспанасы. Аудан орталығы – Құрманғазы селосынан Азғырға жұмысқа келгеніне бір жыл-дан асса да, үйі жоқ екен. Отағасының Балқұдықтағы орта мектептің басшылығына тағайындалғанына да 4-5 жыл өткен. Оның да жататын жері жоқ.

– Отбасы болған соң, бір шаңырақтың астында тұрған жақсы ғой деп, мен осы ауруханаға қызметке келдім. Бастапқыда мен аурухана ішінде, жолдасым ауылдағы таныстардың үйін паналап жүрді. Ол да үйлеспеген шаруа болды. Амал жоқ, екі айдан бері ауыл ішінен үй жалдап отыр-мыз, — деді дəрігер мұң шаққандай.

Аналар неге алаңдайды?

Жанаргүл – үш баланың анасы. Онымен тілдесуге ауылдағы жүкті аналардың мəселесі себеп болды. Өйткені, ол — Қарабайлыда босанып, бөбегіне Ресей Федерациясының куəлігін алғаш рет алған ана. Бұл 2017 жылдың маусымы болатын.

– Екі ұлдан кейінгі үшінші қызымды Қарабайлыда босандым. Маған жергілікті дəрігерлер «облыс немесе ауданды таңда» деді. Мен «бара алмаймын, айы-күнім жеткенде жақын жердегі ауруханаға ба-рамын» дедім. Нақты есімде жоқ, бірақ сол мəтінде сенімхат жазған секілдімін. Жүктілігім қалыпты өтіп, мамыр айында декреттік демалысқа шықтым.

Алайда, анализ нашар шығып, 20 маусым күні ауылдық аурухананың жедел жəрдем көлігімен Қарабайлыдағы ауруханаға бардым. Қорытындылар əлі де нашар болғандықтан, дəрігерлер дереу кесарь тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдап, маған ота жасады. Одан кейін жеті күн жатып, маусымның 30-ында қолыма «выписка» берді. Ота жасалып, əрі ұзақ жатқаным үшін төлейтін ақшам да қомақты сомаға шықты. Сол кездегі өлшем бойынша 80 мың теңгедей төледім. Қолымдағы жалғыз анықтамамен шека-радан өтпек болып едім, жібермеді. Елу шақырымдай жерді артқа қалдырып, 6-7 шақырым жердегі ауылға жете алмай, шекара бекетінен кері қайтып, Ресейде қалуға мəжбүр болдым.

Сұрастырсам, баланың туу туралы куəлігін жасат-сам, шекарадан өткізеді екен. Бірақ, ол үшін неке туралы куəлік қажет болды. Келесі күні құжатты алдырып, Ресейдің туу туралы куəлігімен шекарадан өттік. Қазір қызым аман-сау өсіп келеді, бірақ уайымым бар. Себебі, босанған анаға тиесілі қаражаттарды алғаныммен, құжаттарын ресімдеуде қиындықтар болғаны шын. Егер есейе келе, тағы да осындай қиындықтар тууы мүмкін бе деген қорқынышым да жоқ емес. Бірақ, əзірге бұл мəселеге орай ізденіп, жұмыстанып көрмедім. Уақыты келген-де көрерміз, — деді Жанаргүл жасырмай.

Біз хабарласқан ауылдың тағы бір тұрғыны Эльмира Байболатқызы аудандық ауруханада босануды жөн санапты.

– Желтоқсан айының басында жергілікті дəрігердің жолдамасымен Құрманғазыдағы ауруханаға аттандым. Ата-енеммен бірге тұрғандықтан, басқа балаларыма аса көп алаңдаған жоқпын. Əйтпесе, ол да уайым ғой. Сөйтіп, бір айға жуық аудан орталығындағы туыстарымның үйінде болып, аман-есен аяқ-қолымды бауырыма алдым. Қыстың ортасы, нағыз қаһарына мінген ызғарлы шақта 300 шақырымдық жол тіптен жеткізбей, жаңа туған сəбиім үшін қатты қорқып, алаңдағаным есімнен кетер емес. Əрине, қазір бəрі артта қалды.

Десек те, шиеттей бала-шағасы, үйінде егде жастағы ата-анасы бар əйелдердің бəрі бірдей айлап үй көрмей, біреудің үйін паналауға мүмкіндігі бола бермейтіні анық. Сондықтан, ше-кара асып, босануға мəжбүр. Ақылы босанудың нақты қаншаға шығатынын білмеймін, естуімше 60 мың теңгеден басталып, 150 мың теңгеге дейін жетеді, — деді Эльмира бізбен əңгімесінде.

ТҮЙІН:

Әрине, өмірге сәбидің келуі – әр отбасы үшін аса маңызды оқиға. Ал, Азғырдағы алаңкңіл аналардың жолдың шалғайлығы себепті балаларына бтен елдің құжатын туа сала таңып қоюы – мәжбүрліктен барған амал.

Таяуда аталған аймаққа арнайы барған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұл мәселеге қаныққан соң, шешу жолдарын шұғыл қарастыру туралы тапсырма да берді. Алайда, азғырлықтардың күтуден басқа амалы жоқ! Жол жөнделе ме, әлде мәселе екі ел арасында мемлекеттік деңгейде қарала ма? Әзірге ол жағы беймәлім.

Бір анық жайт – өмір жалғасады. Табиғи заңдылыққа сәйкес жол да, жағдай да таңдамайтын өмірге құштар азғырлық әр сәби жарық дүниеге аман-есен «іңгәлап» келіп, алаңсыз өскей!

Гүлжан ƏМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button