Өз таңдауын жасап жатыр

screenshot 4 11 Жаңалықтар

Мұнайлы өлкеде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. №87 сайлау учаскесіне дауыс берушілер таңнан бастап келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.

 №87 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тойған Әбуғалиеваның айтуынша, 07:00-де Гимн ойналып, учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады. Байқаушылар мен сенімді өкілдер сайлаудың әділ өтуін қадағалап отыр.

– Денсаулық жағдайы бойынша 3 тұрғын үйден дауыс беруге өтініш түсірді. Оның бірі арбаға таңылған болса, екіншісі – зағип жан. Осы себепті сайлау учаскесіне хабарласқан болатын. Бұл мекен-жайға комиссия мүшелері сағат 12:00-де барады, – деді комиссия төрағасы.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз