Атыраулық полицейлер мейрамхана алдында жанжал шығарғандардан қару тәркіледі

screenshot 1 5 Жаңалықтар

Өткен демалыс күндері Атырау қаласы полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу бағытында күшейтілген түрде қызмет атқарды.

Аталған қызмет барысында қоғамдық орында бұзақылық қылмысының орын алуына жол берілмеді. Атап айтқанда 15 қаңтар күні сағат 05:10 шамасында Темірханов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде белгісіз азаматтар арасында өзара келіспеушілік орын алып, жанжалдасып жатқан кезінде тоқтатылып, 10 тұлға полиция бөліміне жеткізілді.

Нәтижесінде аталған тұлғалардың 1-уі кәмелетке толмаған жасөспірім және 1 әйел азаматша екендігі анықталды. Соның ішінде 8 ер азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434- бабына сәйкес әкімшілік іс құжаттар жинақталып, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Сонымен қатар олардан қылмысқа жатпайтын суық кару тәркіленді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз