Өз қаржысына жылыжай салған атыраулық кәсіпкер 357,5 тонна өнім алды
Атыраулық кәсіпкер өз қаржысына салған жылыжайдан бір жылда 357,5 тонна өнім алған.
Былтыр Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылында жұмысын бастаған жылыжай жыл бойына 357,5 тонна өнім берді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік комуникациялар қызметі.
Бұл туралы Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Құмарғалиев есептік жиынында атап өтті.
«Иманбаев Н» жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі құны 250 млн. теңге тұратын жоба құрылысы 2021 жылдың І тоқсанында аяқталған.
«Округ әкімдігінің ұсынысымен және қала әкімдігінің қолдауымен инновациялық жоба — жылыжай құрылысын «Иманбаев Н» жеке шаруашылығы қолға алды. Жыл ішінде жылыжайдан 357,5 тонна өнім алынды. 10 адам жұмыспен қамтылды» дейді ауылдық округ әкімі Мұхтар Құмарғалиев.
Былтыр округке қарасты 7 шаруашылық жылыжайдан барлығы 382 тонна өнім алынған. Оның 357 тоннасы өткен жылы іске қосылған «Иманбаев Н» жеке кәсіпкерлігіне тиеслі. Жылыжай жыл бойына екі рет өнім беріпті.
Айта кетейік, жоба кәсіпкердің өз қаржысы арқылы жүзеге асырылды.