Атырау облысында мал ұрлағандар ұсталды

unnamed 1 Жаңалықтар

Атырау облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі ​ аумағында сиыр малын ұрлаған күдіктілерлі ұстады.

Мамыр айында 3 бас сиыр малының жоғалғандығы жөнінде арызданған Исатай ауданының тұрғыны, ​ төрт-түліктерін ​ наурыз айынан бері таба алмай жүргендерін айтып, арызданған.

Тәртіп сақшылары тәулік ішінде 1982 және 1983 жылы туылған бұрын соңды сотталмаған ​ Құрманғазы ауданының тұрғындары анықтады. Екі адамнан құралған қылмыстық топ жәбірленушіге жалпы көлемі 1 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Атап өту керек, жыл басынан бері Атырау облысы аумағында 8 мал ұрлығы қылмысы орын алып , қылмыстың тіркелуі былтырғы жылмен салыстырғанда -75,0%-ға төмендеп отыр. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 5 мал ұрылығы ашылды. Сонымен қатар, 28 -30 қараша аралығында Атырау облысы көлемінде мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілуде- деді, Атырау облысы Полиция департаменті Криминалдық Полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі ​ Абай Жұмабаев .

​Өз кезегінде, Атырау облысының полицейлері  малдарды ұйымдастырылған жайылымда жаюды, міндетті түрде ең салуды, чиптеу жөнінде және малды қорада бағу кезеңінде оларды ұстау орнын нығайту қажет, күзету құралдарын, түнгі уақытта жарық түсіргіш және тиек құрылғыларын орнату қажеттігін ескертеді.

фото: ашық дереккөзден

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз