Жарнама
Жаңалықтар

Өткен жылы Атырау қаласында 9 907 жаңа жұмыс орны ашылды

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген 14 мыңнан аса адамның 8 259-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.  920 жұмыссыз кәсіби оқытуға тартылып, 2 034 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіншілік алды.

2020 жылы қала аумағында 9 907 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, жаңа бизнес идеясын іске асыруға 240 адамға 133,2 млн.теңге құрайтын мемлекеттік грант берілді» деді спикер Қайрат Оразбаев.

Жалпы, Атырау қаласы бойынша 40 488  шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Атап өту керек, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button