Жарнама
Жаңалықтар

Өтемақы ұлғаяды: Атырауда 18-ші қаңтардан бастап ескі көліктер утилизацияға қабылданады

«18-ші қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл және Орал қалаларындағы қабылдау бекеттері жұмыс істейді» деп хабарлайды Atr.kz

2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстанда істен шыққан көлік құралдарын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы жалғасады. Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларындағы қабылдау бекеттері 11-ші қаңтардан бастап жұмыс істейді.

Ал, 1 ақпаннан бастап Алматы мен Шымкент қаласындағы екінші қабылдау бекеті өз жұмысын жалғастырады.

«Ескі көлікті тапсырғандарға берілетін ақшалай өтемақы ұлғаяды» делінген Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы» компаниясы таратқан баспасөз релизінде.

Яғни, санаттар бойынша төлем төмендегідей:

– М1 санаты — 210 024 тг;

– М2,N1, N2 санаты -420 048 тг;

– м3, N3 санаты – 630 072 тг.

Көлік қабылдау бекеттерінің мекен-жайлары recycle.kz сайтында көрсетілген.   Тозығы жеткен көлік құралдарын тапсыру  бойынша кеңес алу үшін төмендегі нөмірге хабарласуға болады

+7 707 772 79 62.

Әзірге істен шыққан ауылшарушылық техникасын кәдеге жаратуға қабылдау туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button