АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

prara 768x779 1 Жаңалықтар

            Президент бұл жолғы  Жолдауында қоғамымызды дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Еліміздің  саяси жүйесін жаңғыртудың   реформаларын ұсынды. Президент заманауи технологияларды қоғам өмірінің барлық салаларына белсенді түрде енгізуге ерекше мән берді.

            Мемлекет басшысы  ауыл шаруашылығын   мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау қажеттігіне назар аударды. Бұл өте құптарлық мәселе болды. Өйткені, бұл саланы   дамытуға жылда қыруар қаржы бөлінгенімен оның тиімділігі көрінбей тұр.  Бөлінген қаржының шаруаның қолына    жетпей, орта жолда талан-таражға түсу жағдайы жиі кездесуде.  Азық-түлік тапшылығын болдырмау және оның  жөнсіз қымбаттауының алдын алу қажет. Бұл мақсатта алжымен ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақты қорларға форвардтық бағалармен сатып алу мәселесін шешіп алу шарт.

            Соңғы жылдары өңірде ауа райының қолайсыздығы, су тапшылығы қатты сезілуде. Мұның өзі шаруагерлердің өз мүмкіндіктерінше жұмыс жасауларына, мол өнім өндірулеріне қолбайлау болуда. Шаруалардың қажетті жанар-жағармайды қолжетімді бағамен алуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы техникаларының көктемгі жала жұмыстарына дайындығын қамтамасыз ету, тұқым мен тыңайтқыштың қорын қайта тексеру мәселелері де күн тәртібіне қойылды. Үкімет пен әкімдерге бұл жұмысты ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Қосыбек ЫРЗАҒАЛИЕВ,

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз