АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

img 20220214 wa0238 Жаңалықтар


«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысына өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдармен өңірдің онға жуық азаматы жүгінді.

ұрғындардың негізгі сауалдары баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру, сонымен қатар, әлеуметік көмек алу, денсаулық сақтау мәселесі мен спортты дамыту бағытында қойылды.

Мәселен, Махамбет ауданының тұрғыны Г.А. мүмкіндігі шектеулі баласы К.Т-ны тәрбиелеуші ретінде баспанамен қамтуды сұрады.

Бұл сауалға жауап берген Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Светлана Аманшиева, оның 2019 жылы Махамбет ауданы бойынша  тұрғын  үй кезегіне мүгедек баланы тәрбиелеуші ретінде тіркеліп, кезекте тұрғанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрғын үй белгіленген кезек ретімен берілетінін түсіндірді.

Ал, Қызылқоға ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Қайырбек Баймұратов ат жарысы ұлттық спорт түрін дамытуға, мәдени іс-шаралар мен жарыстар өткізуге, сондай-ақ ипподром ашуға жер телімін бөлуге қолдау сұрады.

Бұл сауалға Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов жауап берді.

«Облыс аумағында ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында мемлекет қолдауымен жыл сайын көптеген жұмыстар істелуде. Атырау қаласында ипподром салу үшін Талғайран елді мекенінде жер телімі бөлініп, жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткен болатын. Алда аталған жұмыстар жалғасын табады»,-деді басқарма басшысы.

Қабылдау соңында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов тиісті орган басшыларына азаматтардың арыз-шағымдарына уақытылы жауап беріп, мәселелерді заң шеңберінде шешуді тапсырды. Жергілікті атқарушы органдардың алдындағы маңызды міндеттің бірі осы екенін айтқан облыс әкімі сала басшыларына тұрғындардың арыз-шағымдары мен көтерген мәселелерін мұқият бақылуда ұстауды жүктеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз