Жарнама
Жаңалықтар

Өрт сөндіру неге қиынға соқты?

Мен төтенше жағдайлар, өрт сөндіру саласында 40 жылға жуық еңбек еттім. Осы уақыт аралығында өрт оқиғасының бірнеше түрін көріп, ауыздықтадық. Мұндай жағдайлар сол кезде де болатын.

Қамыс өрті басқалардан бөлек. Жалпы, қамыс құлайды да сол жерде торс пайда болады. Ал оның астынан тұтанғыш газ шығады.  Баршаға белгілі, газ тез тарайды. Оның үстіне, батпақты жерлерге жету оңай емес. Газ шықса ол әрі қарай тұтанып кете береді. Көпшілік су құйылды, өрт өшті деп ойлайды. Бірақ «тілсіз жау» желмен қайтадан тұтануы мүмкін. Жалпы, өңірде өртті ауыздықтауға арналған іс-шаралар жүйелі түрде қолға алынып, шұғыл түрде атқарылып жатыр. Бұл жұмысты жоққа шығаруға болмайды.

Мен БАҚ-тағы барлық ақпаратты зерделей отырып, өрттің өзегі, яғни шығу тетігі әр аумақтардан пайда болғанын байқадым. Сол себептен желдің күшею салдарынан оны толықтай сөндіру қиынға соқты. Негізі, облыста арнайы техникалар жеткілікті.

Осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен маман ретінде бұл өрттің адами фактордың салдарынан болды деп ойлаймын. Бірақ оның кімге тиімді екенін түсіне алар емеспін. Ол браконьер де, аңшы да болуы ғажап емес. Теңізден соққан желдің кесірінен түтін бүкіл қаланы алып кетті.Тұрғындардың реніші де осыдан болып отыр. Сондықтан әр нәрсеге байыппен қарағанымыз жөн.

Сағынбек ӨМІРЗАҚОВ,

Атырау облысы Төтенше жағдай департаментінің бұрынғы басшысы,

сала ардагері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button