Атырауда еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде

img 20230227 wa0031 Жаңалықтар

Атырау қаласында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала бойынша 9 мың 900 метр куб су сорылған. Бұл туралы «Арнаулы Автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Кеше сағат 12.30-дан бастап, қала көшелері бойындағы еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен қала сыртына шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы техникалар арқылы су сору жұмыстары күні-түні жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта Азаттық, Чайковский, Гагарин, Жамбыл, С.Датов, Б.Қаленов көшелеріндегі су сорылды. Дегенмен, алдағы уақытта еріген қар суының қайтадан жиналуына байланысты тазаланған көшелер қайталап тазалануы да мүмкін, – деді А.Ізтілеуов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау қаласынан жалпы 83 730 текше метр қар шығарылып, 580 реагент себілген. Жалпы 25 вакуум жұмыс жасауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз