Білім бәйгесі басталды

Білім бәйгесі басталды Білім

Жыл сайын дәстүрге айналған мектеп оқушыларының облыстық пән олимпиадасы басталды. Республикалық сайыстың үшінші кезеңі Махамбет атындағы қазақ драма театрында салтанатты жағдайда ашылды. Биыл Атырау қаласындағы  №35 орта мектеп базасында 5-і, 6-сы күндері өткізілетін білім додасына жеті жүзден астам оқушы қатысып отыр.

%d0%b1%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%bc-%d0%b1%d3%99%d0%b9%d0%b3%d0%b5%d1%81%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b

Салтанатты шарада алғаш сөз алған облыстық білім беру басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы Нұрсәуле Сайлауова олимпиадаға қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік тіледі.

Білгеніміздей, былтыр 41 оқушы – Халықаралық олимпиада және ғылыми жарыстардың және 35 оқушы республикалық сайыстардың жүлдегерлері атанып, 9 алтын, 29 күміс, 38 қола медальді иеленсе, 34 түлек түрлі байқаулардың жеңімпаздары ретінде Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған.

%d0%b1%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%bc-%d0%b1%d3%99%d0%b9%d0%b3%d0%b5%d1%81%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b-2

Үмітін үкілеп келген қатысушылардың деңгейін таразылайтын қазылар алқасының мүшесі, облыстық ғылыми әдістемелік кабинетінің директоры, ғылым докторы Ғабит Қабекеновтың айтуынша, 13 пән бойынша өткізілетін сайысқа 9-10-11 сынып оқушылары қатынасады. Тапсырмалардың «Дарын» республикалық ғылыми орталығынан байқау күні ертемен ғаламтор арқылы жолдануы білім додасының әділ ұйымдастырылуына кепіл болса керек. Бұл жолы да оқушылар қажетті техникалық құралдармен толықтай қамтамасыз етіледі. Екі кезеңнен тұратын олимпиаданың алғашқы турынан өткен сайыскер келесісіне жолдама алады.  Ал, жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар республикалық жарысқа қатыспақ.

Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 9-сынып оқушысы Нұрлы Қуанышева өз-өзіне сенімді. Өйткені, ол өткен оқу жылы да осындай сайысқа қатысып, бағын сынап көрген. Былтыр жеңімпаз атанған Нұрлы биыл да сол деңгейден көрінсем екен дейді. Себебі, қатысушы бұл додаға ұзақ уақыт бойы дайындалған екен.

Қазақ-түрік лицейінің түлегі, халықаралық олимпиада жүлдегері Альтаир Айменов бүгінде білімді ел жастары түрлі бәйгелерде өздерін сынап, республика туын көкке көтеріп келетінін мақтанышпен жеткізді. Алматыда өткен халықаралық олимпиадада информатика пәнінен жүлделі орын алған ол алдағы уақытта да білім шыңынан көрінуге уәде берді, ал қатысушыларға табыс тіледі.

Ашылу салтанатында Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясы оқушылары өнерлерін көрсетіп, кешті әрлендіре түсті.

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз