Жарнама
Жаңалықтар

Өңір кәсіпкерлері ірі компанияларға өнімдерін ұсынды

Жылыой ауданының Құлсары қаласында «Жылыой ауданы мен бизнес серіктестер ынтымақтастығын дамыту» тақырыбында кәсіпкерлік серіктестік форумы өтті. Ауқымды іс-шараға 200-ге жуық адам қатысып, ауданның 40 кәсіпкері өз өнімдерін ірі өндірістік компанияларға таныстыру мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 9513

Форум жергілікті кәсіпкерлер мен алпауыт өндірістік мекемелер арасындағы әріптестікті нығайтып, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін «Теңізшевройл» секілді компанияларға ұсынуға жол ашады.

Жиынның ашылуында Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова форумның маңыздылығын атап өтті:

img 9509

– Бұл форум – кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Олар өз өнімдерін таныстырып, ірі компаниялармен ынтымақтастық орната алады. Мұндай кездесулер аудан экономикасының дамуына оң әсер етеді, – деді ол.

Іс-шараға «Теңізшевройл» ЖШС, «Еуразия Орталық Азия» қоры, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Аграрлық несие корпорациясы, EUSS компаниясы, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері қатысты. Қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті өндірушілермен әріптестік мәселелері бойынша ақпаратпен бөлісті.

img 9511

– Бұл форум алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алайда бүгін оны тұрақты түрде өткізу туралы ұсыныстар айтылды. Біз бұл бастаманы қарастырамыз, – деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.

Айта кетейік, форум Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен және «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button