Өндірісте кідіріс жоқ

200223092627910e Жаңалықтар

Atr.kz / 14 шілде, 2020 жыл. Әлемді дүрліктіріп жатқан індеттің салдарынан көптеген мемлекеттің экономикасы тоқырай баста­ды. Алпауыт компаниялар қызметін тоқтатуда. Ал, бүгінгідей алмағайып кезеңде өнім көлемінің азай­мауы, сұраныстың болуы маңызды екені даусыз. Бұл ретте, өңірде «қара алтын» өңдеумен айналысатын Атырау мұнай өңдеу зауытының қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? Шектеу шаралары, ауру ошақтарының көбеюі өндіріске қалай әсер етуде?

 Зауыт мамандарының түсіндіруінше, әкімшілік қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу жүйесіне к өшке н і м е н , ө н д і р і с қызметкерлерінің қызметі бұрынғыша бірқалыпты. Компанияның мұнайды тереңдетіп өңдеу өндірісінің айналмалы сумен жабдықтау блогының басшысы Ербол Каукардың айтуынша, ай­налмалы суды салқындатуды қамтамасыз ету бойынша 3602 және 3603 қондырғылары қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр. Қызметкерлер ауысым бойынша қызмет етуде. Карантиндік режим сақталып, сақтық шаралары қабылданған.

– Қазіргі таңдағы шек­т е у ш а р а л а р ы б і з д і ң жұмысымызға ешқандай кедергі келтірген жоқ. Б ұ р ы н ғ ы д а й а у ы с ы м қызметі бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Басты өзгешелік, індеттің таралуы­на байланысты санитарлық т а л а п т а р к ү ш е й т і л д і . Дезинфекциялық ша­р а л а р ж ү й е л і т ү р д е ж ү р г і з і л у д е . М і н д е т т і түрде бетперде кию режимі қатаң сақталады. Соның арқасында жұмысымызды кедергісіз атқарып отыр­мыз. Әріптестерім тиісті талаптарды қатаң сақтап, и м м у н д ы қ ж ү й е м і з д і қалыпқа келтіріп, өзімізді және отбасымызды ойлап, сақтық шараларын ұстанып жүруді жете сезінеді. Бүгінде оның оң нәтижесі бар. Біз бұл кеселді жеңіп шығамыз, – деді мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау қондырғысының опера­торы Айдарбек Хамзаев.

Ал, трет амил метил­ды эфир (ТАМЭ) өндіру қондырғысының басшысы Әділжан Нұршаханов әлемді құлдыратқан пандемияға қарсы шаралар облысымызда дер кезінде қолға алынды деп санайды.

– Өндіріске келетін болсақ, жұмыс өз бағытында жа л ғ а с у д а . Б і з үші н қашықтан жұмыс жасаудың өзі үлкен тәжірибе болды. Соның арқасында электрон­ды құжат алмасу, аудио-видео жиындар өткізуді дамыттық. Жаңа бағдарламалар іске қосылуда. Әрине, халық үшін карантинге үйрену қиынға соғуы мүмкін. Бірақ, бұл індетті тоқтатудың ша­расы – осы. Себебі, ең маңыздысы – денсаулық екенін ұмытпайық, – деді ол.

Ж ы л б а с ы н а н б е р і аймақтың байырғы кәсіпорны 2 млн. 633 мың тонна мұнай өңдеді. Еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі сана­латын Атырау мұнай өңдеу зауыты шектеу шаралары­на қарамастан қызметін ж ү й е л і ж а л ғ а с т ы р ы п жатыр.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз