Жарнама
Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары ірі өндіріс жобаларымен танысты

Аймақ басшысының орынбасары Марат Мурзиев, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысы Данияр Орынбасаров пен жауапты мекемелердің өкілдерімен бірге «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Silleno» ЖШС нысандарына барды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 0646

Алдымен ол «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отырған «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның әлеуетімен танысты. Қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақта өз жобаларын орналастыруға ниет білдірген шағын және орта бизнес субъектілерін электр энергиясымен қамтамасыз ету —өзекті мәселе. Осыған байланысты электр қуатын тұрақты жеткізу тетіктері мен инфрақұрылымды жетілдіру жолдары талқыланды.

img 0647

Бұдан соң Марат Мурзиев «Silleno» ЖШС-ның Бірінші біріккен газхимиялық кешеннің екінші кезеңі – полиэтилен өндірісі жобасының құрылыс алаңына табан тіреп, құрылыс жұмыстарының барысымен және өндірістік қуаттылықты іске қосу мерзімдерімен танысты. Жоба толық іске асқанда өңірдің мұнай-химия өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек.

Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстарды сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button