Жаңалықтар
Облыс әкімі Құрманғазы ауданына барады
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов 28 тамызда Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сағат 11:00 – С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Құрманғазы ауданының тұрғындарымен кездесу. Жиында ауданда атқарылған істер мен алға қойған міндеттер талқыланады.
Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Құрманғазы ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8(71233) 2-13-76