Атырау дәріханаларында вирусқа қарсы дене қызуын түсіретін дәрілік заттар сатылымнан алынған жоқ

1 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Whatsapp» әлеуметтік желісінде жүрген қызу түсіруге, вирусқа қарсы түрлі преператтар арнайы тапсырма бойынша дәріханалардан алынып жатыр екен деген ақпарат жалған», – деп хабарлайды Аtr.kz

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дәрілерді сатылымнан алып тастау немесе жою туралы тапсырма келген жоқ.

«Әлеуметтік желіде жүрген ақпарат жалған. Керісінше, өңірлерде коронавирус инфекциясының күн санап көбеюіне байланысты індеттің алдын алу шараларын қатаңдату барысында дәрілік қорды қайта қарау, толықтыру жұмыстары жүргізілуде», – деді  облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау  бөлімінің басшысы Нина Оспанова. 

 
Қазіргі уақытта облыс бойынша екі айға жететін жеке қорғаныш құралдары мен дәрілік заттардың қоры сақтаулы. 

Айта кетейік, амбулаториялық жағдайда ем қабылдауға арналған 189 мыңға жуық вирусқа қарсы преперат болса, инфекциялық стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз