Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыс сапарымен Махамбет ауданына барды

whatsapp image 2021 08 27 at 17.24.02 Жаңалықтар

Аймақ басшысы алдымен Талдыкөл ауылына ат басын бұрып, мұндағы кірме жолдың күрмеуін шешуді тапсырды, – деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі іс-сапар аясында Сарайшық ауылында салынатын Сапар орталығы мен 300 орындық мешіттің құрылыс-жоспарымен танысты. Ары қарай, ауданға қарасты «Құрсай» каналына барды. Биыл, күрделі жөндеуден өткен каналдың 39 шақырымы толық пайдалануға беріліп, екі жаңа су сорғысы қондырылған.

⁃ Бұрын «Құрсай» каналының 11 км шақырымын ғана пайдаланатын едік. Қазір күрделі жөндеуден өткен соң, толық пайдаланып ескі екі су сорғысын жаңарттық. Су тапшылығы жоқ – дейді, жұмысшы топ.

Облыс әкімі әр аймаққа жауапты мамандарға тиісті міндеттер жүктеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз