Әр сапары тарихи маңызға толы

foto 326 Жаңалықтар

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Атырауда  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бірқатар ірі кәсіпорындар ашылып, зәулім ғимараттардың тұсауы кесілді. Біз бүгін соңғы он жылдың бедеріндегі осындай маңызды нысандар хақында шолу жасауды ұйғардық.

????????????????????????????????????

4 маусым, 2008 жыл

Атырауға келген Мемлекет басшысы Жайық өзені арқылы өтетін «Балықшы-Жұмыскер» жаңа көпірін ашу салтанатына қатысты. Көпір өзеннің қос жағалауында орналасқан Балықшы және Жұмыскер ықшамаудандарын қосып тұр. Төрт жолақты жолы бар көпірдің ұзындығы – 484 метр, жалпы құны 5,6 миллиард теңгені құрайды.

1 қазан, 2009 жыл

Елбасы Нұрсая ықшамауданындағы Мұз айдыны сарайында болып, пайдалануға берілген жаңа нысанмен танысты. Мұнда Мемлекет басшысына атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасының ойыны мен мұзда мәнерлеп сырғанаушылардың бағдарламасы көрсетілді.

Президент қаладағы «Атырау жылу-электр орталығы» инвестициялық жобасының бірінші кезеңін іске қосты.

17 қараша, 2010 жыл

Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТурбоРемонт» ЖШС газ құбырларын жабдықтауға сервистік қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін жаңа зауытта болды.

16 қыркүйек, 2011 жыл

Президент Каспий теңізінің «Қашаған» кен орнындағы «D» жасанды аралында болды. Бұл – Атыраудан 85 шақырымда орналасқан өндірістік нысан. Нысан қыс кезіндегі мұз қозғалысынан қорғалған және үш құбыр желісімен батыс Ескене жерүсті өндірістік кешенімен жалғасқан.

30 маусым, 2013 жыл

Елбасы бұл жолы Атырау құбыр арматурасы зауытында болып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен  «Болашақ» мұнай-газ өндіру зауытының ашылу рәсіміне қатысты.

????????????????????????????????????

30 қыркүйек, 2014 жыл

Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.

17 қыркүйек, 2015 жыл

Елбасы «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-нің оптикалық кабель шығаратын зауытында болды. Мемлекет басшысы кәсіпорын ұжымын нысанның іске қосылуымен құттықтап, индустриялық саланы дамытудағы оның маңызын атап өтті.

«Атыраумұнаймаш» ЖШС-нің ірі габаритті және аса ауыр жабдықтар шығаратын зауытына барып, жабдықтары мен өндіретін өнімдерін көрді.

7 желтоқсан, 2016 жыл

Қазақстан Президентіне «ҚазТрансОйл» компаниясы жүзеге асырған Қазақстан-Қытай мұнай құбыры аясын кеңейту жобасының барысы таныстырылды. Кеңейту жұмысы Кеңқияқ-Атырау магистральді мұнай құбыры арқылы қайта құйылатын мұнай көлемін жылына 12 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

23 тамыз, 2018 жыл

Елбасы сапар барысында бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен, «Карат» ЖШС-нің «Дәулет» жеке индустриялық аймағында болып, нан және макарон өнімдерін шығару жөніндегі цехын аралап  дайын өнім үлгілерімен танысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ-на барған Мемлекет басшысы Өндірістік үдерістерді қадағалау орталығының жұмысымен танысты. Онда Елбасына цифрлық зияткерлік кен орнының жүйесі көрсетілді.

Елбасы «Жігермұнайсервис» ЖШС-де өнім өндіру көлемін, еңбек өнімділігін, металл өңдеу дәлдігін арттыруға, сондай-ақ, адам факторына байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін, робот көмегімен дәнекерлеу әдісін қолдану арқылы металл конструкцияларын өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз