9f5a6a6cb2dcdd6f504f0cbec8e2cbf8

Атыраулықтар «Е-Қызмет» жүйесіне толықтай көшеді

Жаңалықтар Қоғам

            Қазіргі уақытта әрбір отызыншы мемлекеттік қызметші кадр маманы болып табылады. Осыған орай, персоналды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі пилоттық жобасы іске қосылуда. Осы жүйенің өңірімізде жүргізілуі облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің қатысуымен өткен жиылыста талқыланды.  Жиылысқа «Мемлкеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ бас директоры Бану Нұрғазиева, ҚР Мемелекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов және мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығының бір топ қызметкерлері қатысты. Бүгінде елімізде 98 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Оның  2800-ден астамы кадр қызметінде еңбек етеді. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы мамандарының айтуынша, бұл сан едәуір көп. Мәселен, Эстония, Нидерландия, Сингапур сияқты мемлекеттерде 500 мемлекеттік қызметшіге бір кадрлық қызметкер шақ келеді. Яғни, ол жақта компьютермен онлайн режимде қызмет көрсететін оларды операторлар деп атайды.

EAC7466

Еліміз бойынша біртіндеп еніп келе жатқан бұл жобаның жетістіктері де аз емес екен. «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ персоналды басқарудың автоматтандырылған бірыңғай қызметі дирекциясының басшысы Ғалымжан Жалмурзаевтың айтуынша, өткен жылы агенттік базасында осы жоба табысты жүргізіліп, агенттікте қызмет атқарған 28 кадр қызметкері үш қызметкерге дейін қысқарған. Ал, орнынан босаған қызметкерлер басқа бөлімдерге ауыстырылған.

EAC7469

Бүгінгі күні осы пилотты жоба еліміздің үш аймағында жүргізіледі екен. Оның бірі – Атырау облысы. Осы жүйеге  көшкеннен бастап қызметкер еңбек демалысы, іс сапарға  барарда осы жүйе арқылы қажетті тетікті басуы арқылы өтінімін автоматты түрде жүзеге асырады. Бұрынғыдай қағаз арқылы өтініш жазу қажеттілігі болмайды. Осының арқасында жұмыс тиімділігі артатын болады. Ал, атыраулық жергілікті атқарушы органдар  автоматтандырылған «Е-Қызмет» жүйесіне үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында толықтай көшіледі деп күтілуде.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ.

EAC7483


EAC7497
Фото – Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған