
Қоғамдық қауіпсіздік – камераның бақылауында
Atr.kz/20-ақпан. Атырау облысында 759 бейнекамера бар, оның 374-і көпқабатты үйлердің алаңшаларында орнатылған.
Халықпен есеп беру кездесуі кезінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бейнебақылау камераларының көмегімен 34 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 67 қылмыс ашылғанын мәлімдеді.

Барлығы 183 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Барлық құқықтық тәртіпті бұзушылықтар бойынша 1,5 млрд. теңгеден астам айыппұл салындық, — деп хабарлады Нұрлан Ноғаев.
2018 жылы облыста 18 учаскелік полиция бекеті ашылды, облыстық және республикалық трассаларда 4 стационарлық пост салынды: қаладан шыға берісте Атырау –Құлсары», Атырау – Индер, Атырау – Астрахань және Атырау – Орал.
Стационарлық постылар «Поток» аппаратық – бағдарламалық кешендерімен жабдықталған. Бұл бағдарлама жол қозғалысы тәртібіндегі әкімшілік құқықбұзушылықтарды автоматтық режимде тіркеп отырады.
Айбөпе САБЫРОВА