Бір алтын, бір қола

60426563 2425549234332120 466027857403969536 o Жаңалықтар

Atr.kz/22 мамыр, 2019 жыл. Ресейдің Калининград қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі ерлер арасында халықаралық турнир өтті.

Еңбек сіңірген жаттықтырушы А.Шумилин атындағы турнирге 14 елдің балуандары қатысты. 22-ші мәрте ұйымдастырылған турнирде Атырау облысының балуандары да бақ сынаған болатын. Аслан Жаманбаев бастаған спортшыларымыз 1 алтын және 1 қола медальға ие болды.

92 келі салмақ дәрежесінде Әділет Қалтаев чемпион атанса, 70 келіде Айдын Тәжіғали үздік үштікті қорытындылады.

«Atyrau Sport» парақшасынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз