Жарнама
Жаңалықтар

Нұртөре Жүсіп Парламент Сенатының депутаты атанды

Atr.kz/12 тамыз, 2019 жыл. Ақорданың баспасөз- қызметі Парламент Сенатына тағайындалған депутаттардың есімдерін жариялады.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  депутаттығына  Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед; Андрей Иванович Лукин; Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева; Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен; Дана Өмірбайқызы Нұржігітова; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды.

Жаңа есімдердің қатарында белгілі журналист Нұртөре Жүсіп те бар. «Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды», — делінген Ақорданың баспасөз қызметі  таратқан хабарламада.

Журналист, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Нұртөре Байтілесұлы ЖҮСІП 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі, көлік және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.

1990-1996 жылдары — «Егемен Қазақстан» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары. 1996-2002 жылдары — «Жас алаш» газетінің бас редакторы. 2002-2005 жылдары — «Ақ Жол Қазақстан» газетінің бас редакторы. 2005-2006 жылдары — «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры. 2006-2008 жылдары — «Астана хабары» газетінің бас редакторы. 2008 жылдың ақпанынан осы тағайындауға дейін саяси-қоғамдық «Айқын» газетінің бас редакторы болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button