Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда су тазарту станциясы жұмысын тоқтатты

«Атырау облысы Су арнасы» КМК Атырау қаласындағы Дамба ауылдық округінің тұрғындарына судың көп мөлшерде келуіне байланысты су сорғысына қолжетімділіктің болмауынан станция жұмысы уақытша тоқтатылғанын ескертті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб хабарлады.

– Қазір Дамбы, Қызылбалық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарын сумен жабдықтау қалалық коллектор арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жергілікті тұрғындардың үйлеріндегі су қысымының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Су тазарту станциясын қайта іске қосу жұмыстарын маусым айының ортасында жүргізу жоспарлануда, — деді «Атырау облысы Су арнасы» КМК бас технологы Жәмила Исағалиева.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button