Облыс әкімі Н.Ноғаевтың брифингі өтті

ОБЛЫС ӘКІМІ Н.НОҒАЕВТЫҢ БРИФИНГІ ӨТТІ 1 Жаңалықтар

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев баспасөз конференциясын өткізіп, атқарылған ауқымды жұмыстар туралы баяндады. Аймақ басшысының айтуынша, жалпы, өткен жыл Атырау өңірі үшін табысты  болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұнайлы өңірге арнайы іссапармен келіп, «Ғасыр жобасы» атанған Қашаған кенішін ресми түрде іске қосты. Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылып, мұнайды тереңдетіп өңдеу қуаты еселеп артты. Бұл жобалардың барлығы Атыраудың ел экономикасындағы көшбасшылық орнының одан әрі нығаюына зор серпіліс бергені сөзсіз.

ОБЛЫС ӘКІМІ Н.НОҒАЕВТЫҢ БРИФИНГІ ӨТТІ

Рас, мұнайдың табиғи байлық екендігінде ешқандай дау жоқ. Бұл өңірге әлеуетті инвесторларды тартуды арттырды десек те, ел мүддесі үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің де маңызы айрықша зор. Бұған дейін мұнайымен дәулеті тасып, абыройы асқақтаған Атырау бұдан былайғы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі қамтитын әлеуетті өңірге айналуда. Қазір ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, сөйтіп, Атырауда осы кезге дейін кездеспеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге құлшыныс танытушылар қатары көбейе түсуде. Аталған салада іске қосылған жаңа кәсіпорындар қатары өсті.

ОБЛЫС ӘКІМІ Н.НОҒАЕВТЫҢ БРИФИНГІ ӨТТІ-2

Сондай-ақ, спорт, әлеуметтік салада да айтарлықтай жетістіктер баршылық. Соның бастысы – ауыр атлетика саңлағы Ниджат Рахимовтың Олимп шыңын бағындыруы. Атыраудан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионының есімі  тек мұнайлы өлкенің ғана емес, қазақстандық, әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Өйткені, Риода серпе көтеруден жерлесіміз әлемдік рекордты жаңартқан болатын. 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде жасалған жұмыстарды ғана емес, болашақта іске  асатын  жоба-жоспарларды да атап айтты.  Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз