Жарнама
Жаңалықтар

Нұрсая ықшам ауданындағы жылу жүйесінен шыққан ақау қалпына келтірілді

Бұл туралы қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-26 желтоқсан күні сағат 11.30-да Атырау қаласындағы Нұрсая ықшам ауданында жылу беру жүйесі істен шығып, 87 көп қабатты тұрғын үй мен №40 орта мектеп жылусыз қалған еді. Сағат 23.50-де үйлер мен білім нысанына жылу беру толықтай қалпына келтірілді,— деді Т.Әубәкіров.

Ал жалпы білім беретін №40 орта мектептің директоры Жанаргүл Атчибаева оқушылар оқуларын әдеттегідей офлайн форматта жалғастырып жатқанын айтты.

Айта кетейік, аталған жөндеу жұмыстарына «АтырауЖылуЖүйелері» АҚ-ның 15-ке жуық қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button