Атырауға Амстердамнан ұшып келген студенттерден коронавирус табылған жоқ

super.ua 1538566840 1024x538 1 Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2020 жыл. 24 наурызда Атырауға Амстердамнан 18 жолаушы бар ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

24 наурыз күні сағат 20.30-да Атырау әуежайына қазақстандықтар бар ұшақ келіп қонды. Олар еліміздің түрлі қалаларынан шетелде оқып жатқан студенттер. Жолаушылар жатақханасындағы арнайы аймаққа орналастырылды.

Келгендердің бәрі коронавируске жедел тестілеуден өтті.
Бүгін таңертең белгілі болғандай, барлық студенттерден қауіпті ауруды анықтауға арналған тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Кешкісін олар карантин аймағынан шығарылады.

«Atr – Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-k%d2%afshejtilgen-rezhimde-dezinfektsiya-zh%d2%afrip-zhatyr/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз