Жарнама
Жаңалықтар

«Нұрсая» шағынауданында 250 орындық жаңа емхананың құрылыс жұмысы басталды

Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрсая» шағынауданында салынып жатырған үш қабатты емхананың жалпы ауданы 4709,77 шаршы метр. Мердігер мекеме – «Бекболатовтар Құрылыс Компаниясы» ЖШС.

— Нысанның құрылыс жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталды. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары жүргізілуде. 250 адамды қабылдайтын емханада ауруларды тексеру және диагностикалау, маман дәрігерлердің консультациясы және халықты сауықтыру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылады, — деді Н.Құсайынов.

Басқарма басшысының айтуынша, нысанда келушілерге арналған жалпы бөлме, дәрігерлік практика бөлімшесі, күндізгі стационар, оңалту, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі бар. Сондай-ақ консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі, зертхана, биохимиялық топ, функционалды, сәулелік диагностика, орталық зарарсыздандыру бөлмелері қаралған. Оған қоса әкімшілік-тұрмыстық, қызметтік және шаруашылық бөлімдер болып функционалдық топтарға бөлінген.

Айта кетейік, аталған емхана 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button