Атырауда қан донорлары тапшы

31373 b0 Жаңалықтар

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Қазіргі жағдайға байланыста облыста қан донорлары санының төмендеуі байқалады. Ал, облыстық қан орталығы қанмен қамтамасыз етудің қажетті деңгейін сақтауы қажет.

Бұл ретте аталмыш орталыққа  O + ( I оң) тобына – 10, О – ( II теріс) – 2, A + (II оң) – 25, A – (II теріс) – 2, B + (III оң) 25, B – (III теріс) 2 қан доноры қажет. Сондай-ақ, AB + (IV оң)  тобына – 10, AB – (IV теріс) тобына 2 адам қан тапсырса болады.

Мамандардың айтуынша, мұнда донордың  қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлар жасалған. Қан тапсырамын деушілердің өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.  «Коронавируспен ауыратын науқастарға қан қажет емес. Бұл – біздің ауруханаларға қан тапсырудың әдеттегі әдісі. Донорларды қабылдау сағат 8:30-дан 13:30-ға дейінгі аралықта жүргізіледі»  дейді сала қызметкерлері.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-m%d2%b1%d2%9btazh-otbasylar%d2%93a-tegin-tama%d2%9b-taratyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз