COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар
Нұрлыбек Қабдықапаров балаларды пандемияның «екінші толқынынан» сақтандыру жолын айтты (+ВИДЕО)
Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. «Қазіргі уақытта «екінші толқыннан» балаларды сақтандырудың алдын ала шаралары қабылдануда» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Тұмау, суықтау сынды инфекция түрі күзде, қыста күшейеді. Сондықтан, вакцинация жасалуы керек. Сондай-ақ, балалардың алдын ала иммунитетін көтеру жөнінде емханаларға тапсырма берілді.
Мәселен, үлкен кісілерге тұмауға қарсы екпе салатын болсақ, балаларға жоспарлы вакцина бар» деп нақтылады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Аман ШАМАР