Түн ортасында көшеде төбелескен әйелдер енді сот алдында жауап бермек

1376378 Жаңалықтар

Оқиға 23 қаңтарда түнгі сағат 03:29 шамасында болған.

Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде орналасқан «Vivaldi» мейрамханасы алдында 32, 33 және 28 жастағы үш әйел өзара келісе алмай төбелес шығарған. Олар сол күні «Vivaldi» мейрамханасында көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды наркологиялық сараптамадан өткізді. Сараптама нәтижесінде үш әйелдің жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.

Ал, кешкі сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, карантиндік шектеу режимін сақтамаған «Vivaldi» мейрамхана-барына қатысты жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша дайындалды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз