БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам
«НҰРЛЫ ЖЕР»: Баспаналы болды! (+ВИДЕО)
Atr.kz/29 тамыз, 2020 жыл. Мереке қарсаңында атыраулық 33 отбасыға пәтер кілті табысталды деп, хабарлайды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.
Жаңа пәтерлер «Нұрсая» ықшам ауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінен берілді. Баспаналы болғандардың дені, 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар.
- — Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Бастысы, тұрғындар үшін қолайлы. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері, яғни 8 ай ішінде баспаналы болғандардың саны 257-ге жетті –деді тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев.
Еске сала кетейік, өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы 257 отбасы баспаналы болған еді. Биыл, бұл көрсеткіш арта түспек. Себебі, 8 ай ішінде 250-ден астам отбасы пәтер кілтін алып үлгерді. Жыл аяғына дейін, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан бөлек, апатты жағдайдағы жатаханаларды да көшіру көзделіп отыр.