Пандемия басталғалы Атырауда коронавирус жұқтырғандардың 97%-ы емделіп шыққан (ФОТО)

f37a4b917f3e8436919b6512357775ff l COVID-19: Соңғы поштадан...

«Облыста індет басталғалы 17508 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды, оның 16931 адам сауығып шықты. Өкінішке орай, 128 адам қайтыс болды. Коронавирус жұқтырғандардың ішіндегі 1073-і медицина қызметкері» деп хабарлайды Atr.kz.

Atr.kz редакциясы пандемия басталғалы бергі бір жыл ішіндегі коронавирусқа қарсы атқарылған жұмыстарға шолу ұсынады.

Бүгінгі картина

Бүгінгі күні облыста ашылған 1 933 төсек-орындық инфекциялық стационарда 348 науқас ем алып жатыр.

Вакцинация

Басты жаңалықтың бірі – облыста коронавирусқа қарсы 23 вакцинациялау орны дайындалды. Оның 15–і Атырау қаласында, 8–і аудандарда орналасқан.

Бүгінгі күні өңірде вакцинаның І-ші компоненті 1018 адамға,   ІІ-ші компоненті 990 адамға салынды.

1 3

ПТР зерттеу

Қазіргі таңда облыста тәулігіне 7 мың зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар  12 ПТР зертханасы жұмыс істеуде. Бұл республика бойынша ірі көрсеткіштердің бірі.

Айта кетсек, індет басталғалы бері облыста 763 мың  ПТР-зерттеу жүргізілді.

1 12

Шұғыл тұрғызылған медициналық ұйымдар

Еске сала кетелік, пандемияға байланысты өткен жылы Атырау қаласында 200 орындық модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды. Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы 200 орындық модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы жалғасуда.

1

Оттегі станциясы

Бұдан бөлек, өңірде 7 медициналық ұйымда орталықтандырылған оттегі станциясы жұмыс істеп жатыр. Олар облыстық перинаталдық орталықта, облыстық кардиологиялық орталықта, облыстық ауруханада, Атырау қаласындағы модульдік инфекциялық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханаларында. Ағымдағы жылы  Индер, Жылыой аудандарында тағы 2 медициналық ұйымға оттегі станциясын орнату жоспарланып отыр.

1 25

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз