Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Назар аударыңыз! ОНЛАЙН-АЙТЫС өтеді

Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. Тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Агенттік жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың бастамасымен халық шығармашылығының қайталанбас сайысы – Айтыс өнері онлайн режимде өтеді.

Айрықша іс-шараға республиканың өңірлерінен 16 суырып салма ақын қатысады. Олардың арасында Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Сырым Әуезхан, Данияр Алдабергенов, Жұлдызай Маратбекова сияқты халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар.

Байқаудың тағы бір ерекшелігі – сайыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, «Өзекті мәселелерді өлеңмен көпшілік алдында айту біздің елдің ежелгі дәстүрі. Біз қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеуді дәріптеу үшін ең тиімді мәдени құрал ретінде қазақ айтысын пайдалануға міндеттіміз».

Жалпы, карантин кезеңінде онлайн режимде хабар таратудың шектеусіз қолжетімділігі арқылы барлық қалың бұқара қамтылады деп күтілуде. Байқау 9 сәуір күні қатысушылардың жеребе тартуы мен жұптарды бөлуден басталады. Ал, 9 және 19 сәуір аралығында 1/8, 1/4 және 1/2 финалдары өтеді. Ақтық мәресі ағымдағы жылдың 18 және 19 сәуірі күні қорытындыланады деп жоспарланып отыр.

Сайыстың өту барысын барлық ниет білдірушілер штабтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көре алады: Facebook-те «Республикалық ақпараттық ағартушылық штаб», Instagram-да және YouTube-те «anticor_shtab_kz» парақшалары.

Жеңімпаздар «Antiсor_shtab_kz» телеграмм арнасында онлайн дауыс беру және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың төрағалық етуімен қазылар алқасының арасында дауысты пайыздық қатынаста бөлу арқылы анықталады.

Бас жүлдеге «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі «Tengri» эксклюзивті этно-инсталляциясын және «Біз біргеміз!» логотипімен кәдесый ұсынады.

Анықтама: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелер:

https://web.facebook.com/groups/anticorshtab.kz

https://www.instagram.com/anticor_shtab_kz/

https://www.youtube.com/channel/UCCoZy6C6an6C0y-YE6qvOZg?view_as=subscriber

https://t.me/ripsh_antikor

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button