Грантпен оқыған студенттер ауылға барып үш жыл жұмыс жасайды

studentter Жаңалықтар


Atr.kz/13 наурыз, 2019 жыл. Елбасы биыл «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде ана мен бала денсаулығымен айналысатын мамандардың жалақысын көтеру жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын. Жергілікті жерде оның қалай орындалып жатқанын білу үшін еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов Исатай ауданына барып, ондағы орталық аурухана ұжымымен кездесті.

– Реаниматолог, анестизиолог, жедел жәрдем қызметкерлері және басқа да мамандар бар, бәрінің 1 шілдеден бастап айлық табысы өседі, – деді ол. – Әсіресе, аудандық деңгейдегі дәрігерлер, мейірбикелер, санитарлық қызметкерлердің табысы қосымша 30 пайызға өседі. Себебі, Елбасы ауылдық жерде еңбек етіп жүрген мамандарға үлкен назар аударуда. Қажетті қаражат бөлініп жатыр. Алға қойылған міндеттерді толық орындаймыз.

Компьютерлік технология арқылы уақыт пен қаржы үнемделеді. Сондықтан дәрігерлік амбулаториялық карталарды электронды базаға енгізуіміз қажет. Сонда ол сенімді сақталады, әрі екпе жөнінде де еркін мағлұмат алуға болады. Елбасының тікелей қолдауымен жергілікті жерлер 100 пайыз компьютерге қосылған. Болашақта тек компьютермен, смартфонмен ғана жұмыс жасаймыз деп сенемін.

IMG 20190312 WA0084

Осы орайда, жақсы жаңалық, 18 миллион адамға электронды медициналық карта дайындалып жатыр. Біз сандық ақпаратқа ашық болуымыз керек. Бұл үшін Тек Астана мен Алмытыда ғана емес, шалғай аудандар үшін де барлық жағдай жасалуда.

Министрлік өз тарапынан белгілі бір бағдарламалар мен стандарттарды бекітсе, оны әрі қарай жалғастыру жергілікті жерге байланысты. Ең алдымен ғимараттар мен  маман тапшылығын шешу керек. Ал, бұл үшін жас мамандарды пәтермен қамтып, материалдық жағдай жасау қажет. Биылдан бастап мемлекеттік грантпен оқыған студенттер ауылға барып үш жыл жұмыс жасайтын болады.

Азамат БАЗАРБАЕВ 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз