Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Ауыл шаруашылығы саласына бөлінген 19,8 млрд теңге қайда кетті?

Соңғы 5 жылда Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласында 22 ірі жоба жүзеге асырылды.
20170710014908047_big

«Өңірдің ірі жобаларына салынған инвестиция көлемі 19,8 млрд теңгені құрап, 689 жаңа жұмыс орындары құрылды. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы ішкі жалпы өнімнің көлемі 62,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде мал шаруашылығы бойынша — 35,5 млрд, өсімдік шаруашылығы бойынша 26,4 млрд теңге болды. Ірі қара малының басы облыста 157,2 мыңға, түйе саны 30,7 мыңға жетті»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Облыс тұрғындарын маусым арасында көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өңірде жалпы көлемі 14 га болатын 43 жылыжай салынды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button