
Жаңалықтар
Наурыз мейрамында қанша күн демаламыз?
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, елімізде Наурыз мейрамы қатарынан үш күн тойланады — 21,22 және 23 наурыз.

Ал қалған екі күн демалыс күндеріне түскендіктен қазақстандықтар сәрсенбіден бастап жексенбіге дейін демалады. Осылайша, Наурыз мейрамында бес күн демаламыз.
Еңлік СҰЛТАН