Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Нұрлан Ноғаев халықпен түсінісе алмайтын басшыларды сынады

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықпен түсінісе алмайтын басшыларды сынады.

L6sSuwvbd6k

Бұл туралы Қызылқоға ауданында өткен көшпелі кеңесте айтылды.

Жиында облыстағы ветеринария, ауыл шаруашылығы саласының хал жағдайы талқыланған.

Нұрлан Ноғаев жергілікті әкімге былтыр келгенде берген 22 тапсырманың қалай орындалғанын да сұрады. Аудан әкімінің айтуынша, олардың 10-ы орындалып, 8-і орындалып жатыр, қалғандары шешімін тапппаған.

Аймақтағы ауылшаруашылық саласының жағдайын сәйкес басқарманың басшысы Сырым Рысқалиев баяндады.

Оның айтуынша, облыстың бұл саладағы даму деңгейі жақсы. Аймақтағы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі артқан. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылғыдан 4 пайызға көбейіп 61 миллиардқа жетіп отыр. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімдері 2 пайызға, егін шаруашылығы өнімдері 6 пайызға жоғарылаған.

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау үшін 2,7 миллиард теңге бөлінгені де белгілі болды. Соның арқасында облыста, мәселен, қой мен ешкінің саны 6000 басқа артып, 538 мыңға жеткені айтылды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылғы көрсеткіштен 1 жарым пайызға артық.

“Алтын асық” бағдарламасы аясында облыс халқы 5 мыңға жуық қой сатып алып, аймақ жоспарды 30 пайызға артық орындап отыр. Әйтсе де, бұл көрсеткіш тапсырманы 2 еседен артық орындаған Жылыой, Құрманғазы аудандарындағы жұмыстың себебінен өскен. Ал кеңес өтіп отырған Қызылқоға ауданының тапсырманы тиісті деңгейге жасап шыға алмағаны белгілі болды. Аудан шаруалары былтыр 1000 бас қой алуы керек болған, алайда жоспардың жартысы да орындалмаған.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бұл кемшілік үшін жергілікті басшы Мақсот Мұқановты сынның астына алды.

“Аймақта ауылшаруашылық қарқынды дамып келе жатыр. Мал саны да, одан өндірілген өнімдердің көлемі де жылдан жылға өсіп отыр. Бірақ бұған үлес қосып, себепкер болып отырған аудандар санаулы. Кейбірі жетістікке ортақтасып қана жүр. Тапсырма әр ауданның ерекшелігіне сай біріне көбірек, біріне азырақ беріледі. Сондықтан, мына ауданның жағдайы бізден гөрі жақсырақ деген сылтау бұл жерде жүрмейді”, — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі, бұл жағдайға себеп болып отырған негізгі фактор – тұрғындардың мемлекет жасап жатқан көмектен бейхабарлығы деді.

“Халық бағдарламалардың көбінен хабарсыз. Білмейді. Әкімдіктер бұл бағыттағы жұмысты үдетуі керек. Әр кәсіпкердің соңынан жүгіріп, мынана екші, ананы өсірші деп жалынып жүрмей, жалпы түсіндіру керек. Егер халық “Алтын асық”, “Сыбаға”, “Құлан” секілді бағдарламалардың байыбына барып, артықшылығын сезінетін болса, өздері соңдарыңыздан қалмай, субсидия сұрап жүгіріп жүреді”, — деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, былтыр Қызылқоға ауданындағы “Жасқайрат” компаниясында суықтан 635 қозы өлген еді. Облыс әкімі бұған жергілікті әкімдіктің, ветеринария басқармасының жұмысындағы әлсіздіктер себеп екенін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button