Жаңалықтар
Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды Астана күнімен құттықтады
Кеше Атырауда Астана күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті.
Салтанатты кешті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ашып, барша атыраулықтарды аталмыш мейраммен құттықтады. Аймақ басшысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бас қаланың Астанаға көшірілгенінен оның аяғына тік тұрып, дамуына дейінгі еңбегін тілге тиек етті. Ол, сонымен қатар, Елорданың Қазақстанның әр саладағы жетістіктерінің символына айналып отырғанын айтты.
Салтанатты шарада аймақ экономикасын дамытудағы және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы елеулі еңбегі үшін бірқатар кәсіпорын басшылары, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жиын жергілікті және республикаға танымал өнер шеберлерінің концертімен жалғасты.