WhatsApp-та өшірілген файлдарды енді қалпына келтіре аламыз

shutterstock 388392112 Жаңалықтар

WhatsApp қосымшасын құрастырушылар өшірілген файлдарды қалпына келтіретін жаңа функция қосуды жоспарлап отыр.

shutterstock_388392112

Life.ru сайтының мәлімдеуінше, енді WhatsApp қолданушылардың файлдары мессенджер серверінде сақтайды. Өшірілген файл серверде екі ай бойы сақталып тұрады. Осы уақыт аралығында оны қалпына келтіруге болады.

Мамандар қолданушыларға ақпараттың құпия сақталуына қатысты уайымдамауға болатынын айтады. Өйткені, жеке мәліметтерді өзге адам көре алмайды.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз