Жарнама
Жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев : апатты жағдайдағы жатақханалардың проблемасын биыл шешеміз

Atr.kz/4 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қала мен селолық округтердегі апатты жағдайда тұрған жатақханаларды тексерді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде аймақта 20-ға жуық апатты жағдайдағы жатақхана тіркелген. Оның ішінде 8 жатақхана тұрғындары жаңа пәтерге қоныстандырылды, ал қабырғасының тозығы жеткен, төбесінен су ағатын, жертөлесі сыз, тіпті кейбірінде санитарлық торабы жоқ 12 жатақханада адамдар амалсыздан тұрып жатыр. Аймақ басшысы А.Құнанбаев, Гагарин көшелерінде және Геолог поселкесінде орналасқан үйлерді аралап, апатты жағдайдағы жатақханалардың ахуалымен танысты. Бұл үйлерде тұрғындар үй алғаш салынған уақыттан бері тұрады және кезек бойынша көшуді күтіп отыр. Жалпы облыс орталығында жатақханаларды қоса есептегенде 74 апаттық үй бар, 1900 пәтердің тұрғындары көшірілуге жатады.

-Жыл соңына дейін алдымен апатты жағдайдағы жатақханалардың проблемасын шешуді жоспарлап отырмыз, осы мақсатта Атырау облысында әрқайсысы 240 пәтерге есептелген 6 тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. 4 үй Береке ықшам ауданында, екі үй Нұрсая ықшам ауданында. Жалпы саны 1500 пәтер пайдалануға беріледі. 1900-дің қалған 400-іне пәтерді мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы салуды жоспарлап отырмыз,-деді Атырау облысының әкімі.

IMG 20190504 WA0008

Аймақ басшысының айтуынша, жаңа пәтерлер заң аясында және тек пәтер иелеріне жалға беру шартымен беріледі. Тұрғын үй аумағы бұрынғы үйлерінің көлеміне байланысты болады. Мысалы, жатақханадағы бөлмесінің алаңы 40 шаршы метр болған болса, жаңа пәтерді де осындай көлемде алады, бір бөлмелі пәтер, асханасы бөлек, жуынатын бөлме мен дәретханасы бар.

-Апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің проблемасын шешу — жүйелі жұмыс. Біз жан-жақты зерттедік, жобаларды қарап, ЖСҚ жасақтадық, қаржы бөлінді. Қазір болашақтағы тоғыз қабатты үйлердің 4-5 қабаттары салынуда. Мердігер мекемелер құрылысты жоспарға сай жыл соңына дейін аяқтаулары тиіс. Тұрғындарды жыл соңына дейін көшіріп болуымыз керек,-деп алты мердігер мекеменің басшыларына тапсырма берді аймақ басшысы.

Апаттық жатақханалардың тұрғындары Атырау облысының әкіміне қала құрылысын дамыту бағытындағы жұмыстары үшін алғыс айтты. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде тұрғындардың сұрақтары болса, Телеграмм қосымшасындағы «Атырау облысының әкімдігі» чат-каналына жолдауға болатынын айтты. Әлеуметтік желіде аймақ басшысы шағымдарға жеке өзі жауап береді.

IMG 20190504 WA0009
IMG 20190504 WA0010
IMG 20190504 WA0015
IMG 20190504 WA0016
IMG 20190504 WA0017

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button