Нұр-Сұлтанда жүргізуші «наклейканың» көмегімен айыппұлдан жалтарған (+ВИДЕО)
Atr.kz/6 сәуір, 2019 жыл. Жалған нөмір тағылған көлік уақытша коммуналдық тұраққа қойылды.
Нұр-Сұлтанда жүргізуші өзіне салынған айыппұлды Шымкент тұрғынының мойнына ілген, деп хабарлады елорданың полиция департаменті.
Астаналық жігіт жапсырманың көмегімен «F» әрпін «Е»-ге ауыстырып, көлігінің мемлекеттік нөмірін өзгерткен. Соның салдарынан айыппұл Шымкент тұрғынының атына келген. Өзге біреудің айыппұлын төлеуден бас тартқан ер адам ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың блогына хат жазып, Нұрсұлтан қаласының әкімшілік полициясына хабарласқан.
Оған айыппұлдар 2018 жылдан 2019 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта келген. Полицейлер нағыз ереже бұзушыны тапты. Жалған нөмір тағылған көлік уақытша коммуналдық тұраққа қойылды.
Дереккөз: «Спутник Қазақстан»