Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мықтылар түсті сайысқа

Кеше «Атырау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының 5-ші Жастар спорттық ойындары салтанатты жағдайда ашылды. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бокс бәсекесіне 380-ге жуық спортшы қатысып, 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп жатыр.

– Ел спортшылары əлемдік додаларда да көк туымызды биіктен көрсетіп жүр. Келешекте дені сау ұрпақ тəрбиелеуде осындай айтулы шаралардың алар орны ерекше болмақ. Еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан қатысып жатқан жас өрендерімізге облыс əкімі Махамбет Жолдасқалиұлының атынан сəттілік тілеймін. Бүгін спортшылардың ғана емес, жаттықтырушылардың да еңбектері сыналатын кез. Сəттілік жолдас болсын, жас өрендер! — деді облыс əкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова. Салтанатты шарада дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, Атырау облысы бокс федерациясының президенті Шухрат Данбай, бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, 1983 жылғы Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов, басқа да қонақтар сөз алып, боксшыларға жеңіс тіледі. Жарыстың алғашқы күні 49 келі салмақ дəрежесі бойынша бəсекелер өтті.

Алмас БАУЫРЖАНТЕГІ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button